Қаз Рус

Ғылыми бағыттар

Заң факультетінің ғылыми бағыттары

– Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық және халықаралық-құқықтық мәселелері;

– Егемен Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы;

– ҚР Ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы жағдайында азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері;

– қылмыстарды саралау мәселелері;

– діни экстремизм мен терроризм: құқықтық, психологиялық және криминалистикалық аспектілер.

ҚарМУ-да факультет базасында 2013 жылы «құқықтық зерттеулер және мемлекеттану» ғылыми-зерттеу институты құрылды. Институт өз қызметін институт қызметкерлерінің, оқытушылардың, магистранттардың және PhD докторанттарының қатысуымен фундаменталды, қолданбалы, шаруашылық келісімдегі ғылыми зерттеулер бағдарламалары бойынша жүзеге асырады. Қазіргі уақытта «Конституциялық-құқықтық қорғау және Қазақстанда және қазіргі әлемде ювеналды жүйенің қалыптасуы мен дамуындағы бала құқықтарын қамтамасыз ету» атты фундаменталды гранттық тақырыпты іске асыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүзеге асырылуда. Жоба жетекшісі з.ғ.к., профессор Г. У. Балгимбекова болып табылады. Жыл сайын факультетпен ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі, оған факультеттің ПОҚ, республиканың басқа жоғары оқу орындарының, шет елдердің ғалымдары және практикалық қызметкерлер қатысады. 2000 жылдан бастап факультет 17 конференция өткізді, оның ішінде 12 халықаралық мәртебеге ие. Сонымен, 2014 жылы «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері: теория және тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция; 2015 жылы-Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстанның құқықтық мемлекеттілігінің қалыптасуы контекстіндегі Конституцияның әлеуеті және конституциялық құндылықтар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция; 2016 жылы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстандық заңнаманы жетілдіру: теория және тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді; 2017 жылы – «Интеграциялық процестер шеңберінде ұлттық заңнаманы үйлестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы; 2018 жылы –«Ұлттық құқықтық сананы жаңғырту жағдайындағы Қазақстанның құқықтық жүйесі»; 2019 жылы – «Қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудың теориялық және тарихи негіздері және ұлттық құқықтық жүйені дамыту» өткізілді.

Заң факультетінің 10 оқытушылары “ЖОО үздік оқытушысы” атағының иегерлері болып атанды.

Кафедраның ПОҚ ғылыми басылымдарда, Thomson Reuters, Scopus, РИНЦ және т. б. мақалалары бар.

Факультеттің ПОҚ шетелдік ғалымдарымен бірге монографиялар, оқу құралдары, ғылыми мақалалар жарық көрді. Конференциялар, олимпиадалар, дөңгелек үстелдер және басқа да ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің түрлері өткізілді, олар факультеттің жақын және алыс шетел ЖОО-мен байланысын кеңейтеді, бұл факультетке құқықтанумен байланысты барлық халықаралық ғылыми әзірлемелерге қатысуға мүмкіндік береді.

Факультеттің Профессорлық-оқытушылар құрамы TEMPUS-VI бағдарламасы бойынша «Орталық Азияның жоғары білім беру жолында: тюнинг құрылымы және сапалы мәдениет құру» (TuCAHEA); «Peer to Peer: Challenging Extremism (P2P)» халықаралық гранттық жобасын жүзеге асыруға қатысты.

Біліктілікті арттыру, шетелде тағылымдамадан өту

Факультет оқытушылары шетелдік ғылыми-білім беру орталықтарында үнемі біліктілігін арттырады.

Олардың ішінде:

Аты-жөніШетелдегі ЖОО-ның атауыОқу түрі (магистратура, PhD, стажировка)Оқу кезеңіОқу елі
бастапдейінМемлекетҚала
1Киздарбекова Антонина СериковнаПенсильванді университеттағылымдамасәуір2016мамыр 2016АҚШСтейтколледж
«IW e.V.» Халықаралық ғылыми ақпарат және білім беру орталығытағылымдамашілде2013тамыз 2013ГерманияДюссельдорф
2Иьясова Гульжазира Актуреевна«IW e.V.» Халықаралық ғылыми ақпарат және білім беру орталығытағылымдамашілде2014тамыз 2014ГерманияДюссельдорф
3Абыласимов Мурагер НастаевичВроцлав университетітағылымдама02.02.2012 ж.31.03 2012 ж.ПольшаВроцлав
4Рустембекова Динара КенжебековнаХалықаралық және қоғамдық қатынастар институтыТағылымдама30.11.2009ж.11.12.2009 ж.ЧехияПрага
Вроцлав университетіТағылымдама30.01.2014 ж.04.04.2014 ж.ПольшаВроцлав
5Асетова Гулнур БакытовнаХалықаралық және қоғамдық қатынастар институтыТағылымдама30.11.2009ж.11.12.2009 ж.ЧехияПрага
Әзірбайжан Республикасы ІІМ полиция академиясыТағылымдама11.09.2017 ж. 01.10.2017 ж.АзербайджанБаку
6Ботагарин Руслан БақытВроцлав университетіТағылымдама27.04.2014 ж.29.06.2014 ж.ПольшаВроцлав
7Отарбаева Асель ТанатаровнаМенеджмент жоғары мектебіТағылымдама20.04.2016 ж.01.06.2016ж.ИспанияБарселона
8Тусупханова Гулим КенжегуловнаВроцлав университетіТағылымдама10.04.2016 ж.01.07.2016 ж.ПольшаВроцлав
9Абикенова Гулжан БейбитовнаВроцлав университетіТағылымдама09.06.2018ж.09.07.2018 ж.ПольшаВроцлав
10Амірбек Камшат СайлаубайқызыВроцлав университетіТағылымдама09.06.2018 ж.09.07.2018ж.ПольшаВроцлав
11Билялова Маржан ИсаковнаПятигорск мемлекеттік университетінің заң институтытағылымдама15.03.2019 ж.15.04.2019 ж.РесейПятигорск 
12Нурбекова Гульнара ТулегеновнаФеррар УниверситетіТағылымдамаҚыркүйек 2014Қазан 2014ИталияФеррара
13Аманжолова Ботагоз АтымтаевнаЦукуба УниверситетіТағылымдамаСәуір 2018мамыр 2018ЖапонияЦукуба